Күлкіде де бар күрсініс – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Күлкіде де бар күрсініс» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір күндік өлең жазбауым керек,
Азабы оның аз ба ауыр?!
Нәзира-күннің наздары бөлек,
Маң басса бұлттар қазбауыр.
Жаныңа келіп жайғасып алса
Хафиздер төккен ғазалдар,
Мың жерден мұқым айласы болсын,
Адасады әлі ажалдар.
Шарапқа толы шайқалып көзе,
Шалқыса сол күн шайырлар,
Шалдығып тұрып «қайталық» деме,
Түбінде оның қайыр бар.
Күндерді бастан кештің бе жарқын,
Күлкіде де бар күрсініс.
Дабырсыз мүлгіп кеттің бе, бәлкім,
Дүние дейтін сілкініс.
Шіркеуден емес, шірнеуіштерден
Қоңырау үнін тауып кел.
Көресің сонда, жыр теуіп іштен
Бебеулеп шығар бәйіттер.
Шатыр да шұтыр шытынай алмай,
Жатқызам сөздің тігісін.
Түбімді танып, тұшына да алмай,
Шатасып жүрмін, Шығысым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлкіде де бар күрсініс өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Күлкіде де бар күрсініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлкіде де бар күрсініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлкіде де бар күрсініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері