Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын» атты Ғафу Қайырбеков жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2767
Ылғи таңда күн асылып аспанға
Алтын саусақ тереземе басқанда,
Қақпама кеп бір ақ білек созылып,
Ұқсар кейде аулама гүл шашқанға.
Сол гүлдерді теріп мәз боп мен қалам,
Сол гүлдерден тіл қатады кең далам,
Ол гүлдерім — өмір гүлі — газетім,
Мені байтақ дүниемен жалғаған.
Сөзі — шындық, жүрсе суыт жолы құт,
Қалам сонда достарыммен жолығып.
Сөйлейді олар әр газеттің бетінен,
Ел тірлігін, өмір қамын мол ұғып.
Қыстың көзі аппақ қырау — қар қалың,
Алыс қырда күнде ойлаған мал бабын
Малшылардың жазады олар қасынан,
Сары аязда шымырлатып бармағын.
Санамаймын, санап сөзім жетер-ме,
Олар барып үлгеретін мекенге,
Сағынса да туған елін кейде олар
Жылдар жазып, жүрер шалғай шет елде.
Отырар ма, бір табар ма ол тағат,
Сия дайын, қалам әзір, қолда хат,
Өмір сүйгіш, шындық тапқыш сол жандар
Біздің дана партияға қолқанат.
Менің абзал қаламдасым, достарым,
Күнде сендер — сағынарым, тоспағым.
Әрбір таңда мен тұрам да жүгірем
Көрсем бір қол аулама гүл шашқанын.
Сенің таңмен бірге шырқап туды үнің,
Сен өмірдің шежіресі шын бүгін,
Сен де шебер гүл бағының иесі,
Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Гүл қып ұсын біздің өмір шындығын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар