Бөбекке тілек
Бұл бетте «Бөбекке тілек» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сеніменен атаң-әжең нәрленді,
Әр қылығың ана жүзге әр берді.
Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
Құлағына шырылдаған ән келді.
Әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,
Қуанысты, жүрек шат боп жырлады.
Сенің әнің ал анаңның талай түн
Тыныштығын төрт бөлгізіп ұрлады.
Анаң әр кез сені жақсы көретін,
Әлдиімен саған ән сап беретін.
Қаз-қаз тұрды сосын оның бөбегі
Бесігінде түн ұйқысын бөлетін.
Барлығы да сені көрді, сені ұқты,
Өйткені олар болашаққа сеніпті.
Міне, сенің шаттығыңның бірі боп
Күнтізбеде туған күнің келіпті.
Қуанып жүр енді соған барлығы,
Жақсы сөзді айтпақ саған ал бірі.
Ал онсыз да саған тілеп жақсылық
Барлығының өтпеуші ме еді әр күні.
Сенің үнің боп естіліп көркем үн,
Таусылмасын солар айтар ертегің.
Болашағың жарық, нұрлы болсын да,
Ертегі боп келсін тағы ертеңің.
Сенің үнің күллі әлемді қаратсын,
Жолыңа әр кез жақсылықты жолатсын.
Келешектің соқпағынан сәулелі
Сенің сәби жаныңдай ақ таң атсын.
Әрбір күнің қуанышпен түрленсін,
Азаматтық күнді тойлар күн келсін.
Соны тілер барлық жүрек, өйткені
Сен соларға шаттық болып сіңгенсің.
Сенің сәби үнің болып тағылым,
Жүрегінде қалып қойған бәрінің.
Ертеңіңе есік қағар әр күнде
Биік болсын талабың мен танымың.
Шағын əңгіме керек еді көмектесіп жіберіңіздерші алла разы болсын тақырып бөбекке тілек рахмет!
Бөбекке тілек əңгіме керк өтінем көмектесініздерші өтінемін
Сəлеметсіздерме көмек керек бөбекке тілек əнгіме керек өтінем көмектесініздерші
Өтіне
Бөбекке тілек деген тақырыпқа шағын әңгіме құрауға көмек беріңіздерші өтініш!!! Алдын ала рахмет )
Сəлеметсіздерме көмек беріп жіберіңіздерші алла разы болсын өтінемін
Бобекке тилек шагын шыгарма жазу керек отинемин комектесиниши алдын ала ракмет
Бөбекке тілек тақырыбында шағын əңгіме жазып бересіздерме
Бөбекке тілек тақырыбына әңгіме шағын керек еді.
бөбекке тілек тақырыбында шағын əңгіме керек еді алдын ала рақмет
Туғанда Бөбекке тілек деген сізге əңгіме құрап беріңіздерші өтініш
Өскенде үлкен азамат бол.Қобыланды батыр сияқты мықты бол.Сөйтіп-сөйтіп жалғастырасыздар ғой!!!
Елине корган, отбасыннын арка суйер азаматы бол. Болашагын жаркын болгай. Ата-ананнын, елиннин атын алемге танытар, халкын мактан тутары бол.
елиннин мактанышы бол. елиннин жериннин намысын коргауга тырыс. барлыгы сенен зор умит кутеди .
Көмек керек бөбекке тілек дегенде шағын әңгіме керек
бөбекке тілек тақырыбына әңгіме керек көмектесіңіздерші.
Бобекке тилек шыгарма керек комектесиниздерши
Көмектесіңіздерші мәтінге
Маган бобекке тылек деген такырыпка матын құрауға көмек керек
Маган ан унады