«Тышқан көз» деген
Бұл бетте ««Тышқан көз» деген» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көрінсе,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Соңымнан тауы Баянның
Телміріп қарар ма екенсің?
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі