Зулайды күндер зымыран

Бұл бетте «Зулайды күндер зымыран» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Зулайды күндер зымыран,
Өмірдің өзі – тым ұран.
Ұпайы түгел ұраннан
Сынардай миым-құмырам.

Зулайды күндер, тұрмайды,
Артына мойын бұрмайды.
Келешігіміз күні ертең
Толғанады екен кім жайлы.

Зулайды күндер тоқтаусыз,
Жоғалтқандарым жоқтаусыз.
Батырады екен тереңдер,
Қорқытады екен көп даусыз.

Табаны тастан таймаған,
Уақытты жүйрік дейді адам.
Қалып қойдым ба, білмеймін,
Озып кеттім бе? Ойланам.

Ай мен Күн кезек өрмелеп,
Тұрмайды Жер де дөңгелеп,
Қолымыз жетпес жұлдыз да
Құлайды неге Жерге кеп?

Алаңдай берем несіне,
Жүрсемші мен де көсіле?!
Өкшеміз батып жүр ме екен,
Қара жер, сенің төсіңе?
Кешіре көрші, кешіре!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зулайды күндер зымыран өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Зулайды күндер зымыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зулайды күндер зымыран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зулайды күндер зымыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері