Нарын түні

Бұл бетте «Нарын түні» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1205
Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.
Киігі желдеп түнде өрген,
Құмы жалпақ осы алап,
Қояны шошып жүгірген,
Жұлдызша ағып қосаяқ.
Одан басқа дыбыстап
Жел сәл үрген жапырақ,
Зіл ұйқыда тыныстап
Жатты нартау топырақ.
Жұлдыз оты төгіле
Құм бойына тез тарап,—
Жүзді түнгі көгінде
Ай — дөңгелек жез табақ.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарын түні өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Нарын түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарын түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарын түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері