Украина

Бұл бетте «Украина» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1154
Украина ой-қырыңнан
Қуанышты ән құйылған,
Қырлығыңның құнарынан
Уызды алтын дән құйылған.
Көк майсалы жерін көрдім,
Өрін өрлей дәні өнген,
Шалқып жатқан Днепрдің
Уыздайын суын емген.
Сенің сұлу аспаныңды
Бір кездегі басқан бұлт,
Сәулелі алтын күн шыққанда,
Айдай батып қашқан бұлыт.
Бұрынғы өткен зарлы өмірде
Есіткемін зарлы әніңді,
Бүгінгі алтын заңды өмірде
Көрдім сұлу сәнді әніңді.
Елі шаттық әнге басқан,
Гүлге оранған ер де, жер де
Әппақ күміс көбік шашқан
Әнге басқан Днепр де,

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Украина өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Украина өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Украина өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Украина өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері