Атақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Атақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2305
Атақты алып жатыр, беріп жатыр,
Ол атақ кімге қалай келіп жатыр?
Тасада шын таланттар қалып қойып,
Қызықты жағымпаздар көріп жатыр.
Арсыздар арамдарды ағалайды,
Жылпостар жақындарын жағалайды.
Өнерге өрелері жетпегендер
Қалайша өздерін зор бағалайды?
Талантты топ ішінде танып-көрген,
Бағасын баяғыдан халық берген.
Орынсыз ондай атақ кімге керек,
Көкесі не ағасы алып берген?
Алтынды ешқашанда тот баспайды,
Ел жүрген сүрлеу жолды шөп баспайды.
Біреудің сүйеуімен алған атақ
Уақыт өте келе боққа аспайды.
Ешқандай ала қойған атағым жоқ,
Ешкіммен ала бөтен шатағым жоқ.
«Өзіммен бірге өлмесін өлеңім» деп,
Күтемін келер таңның атарын тек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Атақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері