Сараң мен тауық

Бұл бетте «Сараң мен тауық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1740
Қолда барын жоғалтар тойымы жоқ сараңдар;
Уақыт аз іздестіріп алаңдар,
Сенем оған – көп қой олар қатарда,
Әуре болып жатам ба,
Мысалыма қараңдар.
* * *
Сараң жайлы оқып едім жасымда,
Ешқандай бір өнері жоқ басында.
Кәсіп қылатын,
Бірақ, оның кебежесі толатын.
(Қызыққа орай) бір Тауығы болатын,
Жұмыртқалап тұратын:
Туған қалпында
Айналатын алтынға.
Өзге риза болар еді бұл күнге,
Байырмын деп біртіндеп.
Аз көрініп сараңға,
Ой келді де табанда,
Байи салмақ болды шіркін бір күнде.
Сол сараңның мейманасы толды да,
Тауық байқұс сойылды да жарылды.
Ал, не болды? Мол байлықтың орнына
Алып шықты қоқсық ішек-қарынды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сараң мен тауық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сараң мен тауық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сараң мен тауық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сараң мен тауық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері