Әдептілік әліппесі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әдептілік әліппесі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 1
  • 24197
1
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.

2
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
Әуес боп жел сөзбенен
Көпіргенім жоқ әлі.

3
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жүрем әділ жолменен.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

4
Атам менің әманда
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бар.
Ақ, сары деп, қара деп,
Бөлуіңді білмеймін.
Жаралған сол бала боп,
Барлығың да бір деймін.

5
Дейтін атам әманда
Мейірімділік – борышың.
Қадірлі қарт адамға
Берем ылғи қол ұшын.
Орындаймын табанда
Тілегінің бәрісін.
Кейде ауырып қалғанда
Әкеп берем дәрісін

6
Атам менің әманда
Бол дейтұғын тілалғыш.
Асыл сөзі санамда –
Алып жүрмін кіл алғыс.
Үлкеннің де кішінің
Айтқан тілін аламын.
Істеп бәрін ісінің,
Көңілдерін табамын.

7
Атам менің әманда
Бол дейтұғын бірлікшіл.
Бірлік болса адамға –
Бақыт дейтін тірлік бұл.

Жұлдызшада бесеуміз,
Ойын-сауық құрамыз.
Гүлдей жайнап өсеміз,
Тату-тәтті тұрамыз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әдептілік әліппесі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әдептілік әліппесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әдептілік әліппесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әдептілік әліппесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері