Төселдiк-ау қала, шерге – Құралай Омар

Бұл бетте «Төселдiк-ау қала, шерге» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Төселдiк-ау қала, шерге.
Жылжытпай жүр алға мұң.
Жауды талай қара жерге
Менiң аппақ арманым.
“Қапаланба, елiк тектiм”
Деп уатты өз үнiм.
Сiздi көрiп ерiп кеттiм –
Ерiдi аппақ сезiмiм.
Жанарымнан шық ұрлады...
Қырда өскен гүл едiм.
“Сүйемiн” деп сыбырлады,
Жапырақтай жүрегiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төселдiк-ау қала, шерге өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Төселдiк-ау қала, шерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төселдiк-ау қала, шерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төселдiк-ау қала, шерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері