Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын – Құралай Омар

Бұл бетте «Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1777
Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын,
Жүрсек тағы, қуана алмай, жанарымнан тамса мұң.
Кешiр менi...
Сездiң бе екен...
Құшып тұрып сағынып,
Сүйiп тұрып өзiңдi аласұра аңсадым.
Жанымдасың... тәттi сөздiң бәрiн маған арнадың.
Бiрақ, бiрақ ұша алмады қанаты жоқ арманым.
Не iстей алам?
Кеш жолықтық, тағдыр бәлкiм осылай,
Өкiнемiн.
Тiстелетiн тағы өзiмнiң бармағым.
Айтшы, неге сорлы жүрек соны ұқпайды адасып?
Бағдары жоқ болашаққа отырамын бал ашып.
Сенi көру, саған жету бақыт болса қаншалық,
Сонша қайғы шаттығыма көз алартар таласып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қол ұстасып, бiрге кешiп махаббаттың бал шағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері