Бір ән салшы

Бұл бетте «Бір ән салшы» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2529
Көгершінім, көріктім ақ тамағым,
Маған мәлім күні ертең аттанарың.
Бір ән салшы жүректі жадыратар,
Естелік үшін соны ап қаламын.

Бір ән салшы, шырқатып,төгілдіріп,
Кетсін бір сәт мұңдылау көңіл жібіп.
Бір ән салшы, әйтеуір, бір ән салшы,
Күдіктердің арқауын сөгілдіріп.

Бір ән салшы,жарқыным,жазықты емен,
Торықтырып тұманда қажытты өлең.
Мен бір бейбақ адасқан аруынан ,
Келе жатып теп-тегіс жазықпенен.

Бір ән салшы, салшы бір өтінемін,
Жадыратып тағдырдың жетімегін.
Өтінемін, бір ән сал, тыңдайын бір,
Бақытты етіп бір кезде кетіп едің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ән салшы өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Бір ән салшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ән салшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ән салшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері