Омар һайям

Бұл бетте «Омар һайям» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2360
Гүл бағында, жыр тағында
Көңілінен күй есіле,
Отырды ол жұрт алдында
Ұқсап дүние иесіне.
Ұшқын шарап дарып бір сәт,
Жайылғанда денеге оттай.
Қас дұшпанға қару жұмсап,
Атқан сайлап өлеңді оқтай.
Жеткен жыры бар халыққа
Жанашыр бір сырласындай.
Әзілдескен әр уақытта
Құдайменен құрдасындай.
Жарған өлең қауыздарын
Гүлдің нәзік бүртігіндей.
Айтқан елге уағыздарын
Таң атқанша кірпік ілмей.
Көрінбеді ұлылығы,
Әттең, сонау кезінде тек.
Келеді ол жырдың ұлы
Жанды елітіп, сезімді өртеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Омар һайям өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Омар һайям өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Омар һайям өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Омар һайям өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері