Амудария — каспий

Бұл бетте «Амудария — каспий» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3226
Айдалада, айналада
Ұйытқи соққан құм дауыл.
Аспанда күн қайнағанда
Қурап ұшар қырда гүл.
Шөл аптаған, күн қақтаған
Қызылшақа қиыр құм.
Желмен басы бұлғақтаған
Ызыңдайды бұйырғын.
Шөл жағасын тарта келіп,
Қары қолдың қарысып.
Аңызақта аңқа кеуіп,
Таңдайға тіл жабысып.
Ел жаңартып тас жапанды
Түсірем деп жас күйге,
Амудария ақсақалды
Барады алып Каспийге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амудария — каспий өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Амудария — каспий өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амудария — каспий өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амудария — каспий өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері