Туған жерді ойласам

Бұл бетте «Туған жерді ойласам» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2519
I
Туған жерге бара алмаймын жасқанып,
Ажал менсіз қанша жанды қашты алып.
Жеңгелерім өлген жарын жоқтаса,
Қорқам көзден кетеді-ау деп жас тамып.
Қолды созбай қысылшаңда бауырға,
Неге сол кез болмағанмын ауылда.
Ажал шіркін, сала алмастай құрығын
Егер өзім тұрсам оның жанында.
II
Туған жерге оралуға асығам,
Жүр қаншама мен көрмеген жас ұлан.
Мен олардың сүйіп қара көздерін,
Мен олардың сипағам жоқ шашынан.
Туғанда олар болмағанмын неге мен,
Айдар тағып, атын қойып берер ем.
Менсіз шілдеханаларда айтылмай
Төрде тұнып қалғандай-ақ көп өлең.
III
Қайғысынан жалтарғанмен жасқанып,
Туған жерге барам жүрмей бас бағып,
Тек барғанда демімнен от шалқымай
Тек көзімнен кетпесе екен жас тамып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерді ойласам өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Туған жерді ойласам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерді ойласам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерді ойласам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері