Көктем бояулары

Бұл бетте «Көктем бояулары» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қарындашты, дәптерді,
Сақадай ғып сайладым.
Суретін мен көктемнің
Салмақшы боп ойладым.

Мынау қоңыр –
Жер беті,
Мынау жасыл –
Шыбықтар.
Көгілдір –
Көк келбеті,
Ал мына сұр –
Бұлттар.

Қара бояу –
Тау мұным.
Апа, мұнда бір қара:
Бейне апамның жаулығы
Жатыр ақ қар шыңда да.

Міне, нұрлы көктем бұл,
Өкінішім бірақ та.
Тұрмын енді
Мөп-мөлдір
Бояу таппай бұлаққа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем бояулары өлеңінің авторы кім?

Байбота Қошым-Ноғай — осы өлеңнің авторы.

Көктем бояулары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем бояулары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем бояулары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері