Сыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Сыр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2973
Тұлпарым тізгінін сүзіп,
Көктемде бір келіп кеткем.
Мен сонда үздігіп күліп,
Күлкіме тұрды еріп көктем.
Күн жағып отын ерінге,
Көзіңнен нұр тұнып тамды.
Қос кептер көкірегінде
Кенеттен бұлқынып қалды.
Көздерден қысылып, күнім,
Боз үйге кідіріп кірдің.
Сырыңды түсініп бүгін,
Жайыңды ұғынып тұрдым.
Көркейіп қырқам да гүлмен,
Ғажабын танытқанда алап—
Мен жаққа Тұлпарға мінген,
Тұрғансың жабықтан қарап.
Пәк көңіл кір жасыра ма,
Сырыңды мен алып кеттім.
Шат жанның сырласы—дала...
Құйғытып, жоғалып кеттім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері