Күз

Бұл бетте «Күз» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5137
Бетегелі бел жүдеп өктем күз кеп,
Құстар қайтып барады көктемді іздеп.
Жапырақтар-жүректер сыбырлайды:
"Сағыныштан сарғайып кеткенбіз"—деп.
Бөгет болмай құстарға тас матаулар,
Көкке қарап кісінеп, қасқа ат аунар.
Биіктіктің қызығын көрмегесін,
Аласарып қалғандай таспа таулар.
Табиғаттың теперіш, тепкісі көп,
Қасқа дала, қайтесің көп кісінеп!
...Ебелектер елбеңдеп жүгіреді
Құспен бірге ұшып-ақ кеткісі кеп.
Естілгенде мұңды әуен түзден — зарық,
Күзден күдер мен де бір үзген ғаріп.
Екі қолды шарасыз жайып көріп,
Құс соңында барамыз біздер қалып.
Сайлар қызғылт,
Қыр күрең — күз желі өпкен,
Туған жерде болған күй бізде де өткен.
...Құмыр-ғұмыр құстарда не арман бар,
Тірісінде көктемін іздеп өткен?!

1980 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері