Құдайым бəрiн саған бере салған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Құдайым бəрiн саған бере салған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1509
Құдайым бəрiн саған бере салған:
Көркiң бар көрген жанға елес, арман...
Көлденең көк аттының көзi өтпесе,
Тағдыры талай гүлдiң неге солған?
Қорқамын мен солардың тiл-сұғынан,
Қиятын қыршыныңнан тылсымынан.
Кеудемнен Күн шыққандай күй кешемiн,
Жалт етiп қарай қалса нұр-шұғылаң!
Қанша көз сенi күнде iшiп-жейдi,
Қанша жан сенi өзiнше мүсiндейдi...
Сұлулық – қыз баланың «Қыл көпiрi»,
«Қыл көпiр» кiмдi отқа түсiрмейдi?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайым бəрiн саған бере салған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Құдайым бəрiн саған бере салған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайым бəрiн саған бере салған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайым бəрiн саған бере салған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері