Жарасар қолаң шашың тал бойыңа – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жарасар қолаң шашың тал бойыңа» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 829
Жарасар қолаң шашың тал бойыңа,
Толықсып Ай қонғандай маңдайыңа.
Уылжып жаңа пiскен, жарқыным-ай,
Жiгiттiң кез боларсың қандайына?..
Тұрсың-ау тиiп кетсе үзiлгелi,
Кызығып кiмдер саған сүзiлмедi.
Құбылған қыз қылығын құптайтындай
Қызғылтым жұқа бояу жүзiңдегi.
Тұрсың-ау түртiп қалса төгiлгелi,
Қарбыздай қақжарылып бөлiнгелi.
Шым етiп қалғандай ма кеуде тұсым,
Дiр етiп қалғандай ма көңiл көлi?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарасар қолаң шашың тал бойыңа өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жарасар қолаң шашың тал бойыңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарасар қолаң шашың тал бойыңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарасар қолаң шашың тал бойыңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері