Қызыл кітап – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қызыл кітап» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 14494
Қам көңілдің көк тұманы, тез айық!
Өмір үшін күреспеудің өзі айып.
Динозавр құрып кетсе бір кезде,
Енді, міне, қалды піл де азайып.
Ауру қазір табиғаттың бүйрегі.
Мықтыларың мықтылықтан күйреді
Жунглиде жүргізбейтін
Жау жүрек
Жолбарыстың өзі де әбден сиреді.
Қайран күндер!..
Көңілсіз көл қоғалы.
Қайда олардың киесі мен обалы?
Алыптардың алыбына жататын
Киттерің де барады тез жоғалып.
Сирей-сирей
Құстар менен балықтар,
Жер-анаға ұятты боп қалыпты ар...
Жолбарысты,
Пілді,
Китті ойласам,
Түседі еске опат болған мамонттар.
Табиғаттың бір перзенті,
Бір ұлы —
Мамонт қайтып келмейді енді тіріліп.
Дүниеге сыймайтын не жының бар.
Айналайын ірілік-ай,
Ірілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл кітап өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қызыл кітап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл кітап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл кітап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері