Көбейе берсе мұңлы күн – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көбейе берсе мұңлы күн» атты Сәкен Иманасов жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 851
Көбейе берсе мұңлы күн,
дүние қалай болмас тар.
Шымбайға батып шындығым,
шыдамай кеткен жолдас бар.
Бағымды сынап, ел көшін,
бастасам деген тұстарда,
терісі тарлау теңдесім
тепсіне келіп,
түсті алға.
Жаурады жазда жаным кіл,
түсіне қоймай жұрт әлі,
теріске бағып тәлімді ұл,
діңкемді құртып жүр тағы.
Дүбірді көріп,
құлшынып,
делебем күнде қозғанмен,
икемге келмей тіршілік,
жүйкем де түгел тозды әбден!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері