Ұстазым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ұстазым» атты Сәкен Иманасов жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Жөн айтқан кеше маған
Құлақта тұрады үнің,
Жүрші сен есен-аман,
Сүйікті мұғалімім.

Қайырмасы:
Мұғалімім, мектебім,
Менің бала көктемім,
Сенен өткен ұлағат,
Ұстазым да жоқ менің,
Сен жүресің көңілде,
Тұрған шақта көкте күн.

Тәрбие, тәлім бердің
Жасымнан сырласым боп,
Әлемнің әнін бердің,
Жалықпай жырласын деп.

Қайырмасы

Кетсем де белесті өтіп,
Ұмытпай мінезіңді,
Көзіме елестетіп,
Жүремін бір өзіңді.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері