Раушан-жыр – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Раушан-жыр» атты Сәкен Иманасов жазған поэзия туралы өлең берілген.

Раушан-жыр, жанымның таңғы әлемі,
Таусылмайтын – таңғы әлем – арман еді.
Самғап ұшар сұңқардың соңғысымын,
Сұқсылардың бірі деп қалма мені.

Раушан-жыр, таусылмас таңғы әлемім,
Таңғы әлеммен жанымды жалға менің.
Ымдасаң да болғаны, тыңдасаң да,
Қатар ұшып көгіңде самғар едім.

Қайырмасы:
Раушан-жыр, Раушан гүлім, Раушан әнім,
Сыймай барам қалаңа мынау шағын,
Үміт болып, біресе күдік болып,
Сөніп-жанып кеудемде тұр-ау шамың.

Раушан-жыр таласа таң нұрымен,
Әнім болып кеудемде жаңғырып ең.
Қартайып-ақ барам ба, күні кеше,
Қиып түсер қиядан алғыр ұл ем.

Қиялымнан туғандай таза менің,
Таңғы әлемнің татымды ажары едің.
Бастан өтіп барады-ау базарлы күн,
Дастан етіп әйтпесе жазар едім.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері