Жағынбадым, жалынбадым ешкімге
- 0
- 0
Жағынбадым, жалынбадым ешкімге,
Өзімді-өзім бағып сергек өстім де,
Талап, еңбек серік болды жасымнан,
Несібеме риза ғұмыр кештім де.
Бұл бетте «Арнайы әскери мектебінде бірге өскен достарыма "Спецтерге"» атты Zhanserik Akbyrkit жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жағынбадым, жалынбадым ешкімге,
Өзімді-өзім бағып сергек өстім де,
Талап, еңбек серік болды жасымнан,
Несібеме риза ғұмыр кештім де.
Пәнда бар ма мұңы болмас көңілде,
Айналаң мұң, жан мұқалмас темір ме!
Жас қартайып, жаңа келіп, ескі өліп,
Күні ауыспас көлеңкеге өмір ме!
Өмір — күрес, ойды ұйытқан уағыз,
Дүниеде мәңгі жоғын ұғамыз.
Әсте бітпес мақсат қозғап көңілді,
Үмітке еріп сан майданға шығамыз.
Жол жатыр Мұхтар жазған, Абай салған,
Атойлап аңғарғанға тұрады алдан.
Үңіліп терең барлап түсе алмаған
Жүреді көкірегінде түйіп арман.
«Ақ туым!» десең мейлің, жағына біл,
Жайқалып өссін десең бағында гүл.
Өз тобыңа бір сіңіп алғаннан соң
Өз тобыңа боласың сен дағы піл.
Бір күнде ел таныған ерке нар қыз,
Әрине, бір қатармыз емес жалғыз.
Егіліп елдің қамын айтамыз деп,
Бұл күнде санатта жоқ, санда бармыз.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі