Өлең, жыр, ақындар

Арғымақ күйші бала

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1848
1
Пай-пай, о-ой!...
Екпіні үйді жығып, жар құлатқан,
Селтиіп, соңындағы ел шанды қапқан,
Қарадай қалтырайды
Күйші бала
Көз алмай көсіле ұшқан арғымақтан.
Қазақтың кешегісі, бүгіні ме,
Ілесіп ат тұяғы дүбіріне,
Көшкіндей лықсыған айқай-шудан
Естілмей қуаныштың күбірі де;
Осының бірін ұқса,
Бірін ұқпай
Жылайды жыршы бала жұдырықтай,
Ысқырған жүйрік пе,
Жел ме, білмей,
Саусағы сазын іздеп перненің кей.
Жанары жасқа толып,
Егіліп тұр
Өксігі өткендегі ел кегіндей.
Несіне, ессізім-ау, еңіредің,
Той жасап жатқан жоқ па сенің елің,
Жүз жігіт жалғыз Даңқты кетті қуып,
Айқай-шу,
Азан-қазан төңірегің.
Жүйірікпен қоса жүйткіп дала мына,
Қарамай қаралыға, жаралыға,
Қомпаңдап
Тоқсандағы тобықтай шал
Қол созды шарадағы шарабына.
Сілте, шал!
Аламанға кеткен әлгі
Аттардың алды, міне кеп те қалды.
Әлдекім шыдай алмай:
- Ойбай, жібер!
Бассаңшы қамшынды енді! - деп те қалды
Арғымақ үстіндегі ұлға қарап,
Қалың ел тынады іштей, ырғала қап,
Біреуі атқа сеніп, бірі баққа
Қуғаны жүз жігіттің бір ғана Даңқ!

2
Күлімдеп сонда бала, сәл ырғалып,
Қол созды домбыраға жалынданып,
Ащы бір ашу қысқан арғымақ та
Көрсетгі-ау, айһай, асқақ арынды анық!
Сол шақта домбыра да дір-дір етіп,
Сұңқылдап,
Соңғы сазын тұрды үдетіп...
...Жылап тұр жұдырықтай күйші бала,
Басынан осындай да бір күн өтіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бетім қайтып кермесе де ешкімнен

  • 0
  • 0

Бетім қайтып кермесе де ешкімнен,
бұ тірлікте естімедім сес кімнен,
достарымның күндестігін қоздырмай,
дұшпанның да білместігін кештім мен.

Толық

Бұл неткен күн болды өзі

  • 0
  • 0

Бұл неткен күн болды өзі,
бұл неткен күн,
аяқ асты демігіп,
күлбеттендің,

Толық

Барарсың да батыл үдеп

  • 0
  • 0

Барарсың да батыл үдеп,
түсер бір кез ой басқа,
ар азабы ақыры кеп,
өкіндірмей қоймас та.

Толық

Қарап көріңіз