Тағы да міне қыс келді – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Тағы да міне қыс келді» атты Келіс Рахымжанов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1490
Қыс келді міне тағы да
Шаттыққа толды құс кеудем.
Суретші қыстың қолында–
Картина тұрды істелген.

Өзгеріп көше түрлері
Аспаннан төккен ақ қармен.
Қоштасты күздің күндері
Бақтағы қоңыр шақтармен.

Қараша қарға боянды
Бұталар тұрды ақ болып
Қалғыды қала оянды
Оянған жандай бақ қонып.

Қыс келді міне аяңдап
Ақ нұрдай қары тұр жауып.
Барады бір қыз аялдап
Аяздан беті нұрланып.

Алатау жақтан ауып кеп
Түскенде таудан ақ тұман.
Түнімен ақ қар жауып көп
Ашылса соңы деп тұрам.

Қысқы күн шығып тау жақта
Қызық-ау күлсе елжіреп.
Отырам солай сен жоқта
Кездесер шақты белгілеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да міне қыс келді өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Тағы да міне қыс келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да міне қыс келді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тағы да міне қыс келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері