Көбейіп жүр көсемсіген менмендер – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Көбейіп жүр көсемсіген менмендер» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 957
Көбейіп жүр көсемсіген менмендер
Жалғандықтан жорға мініп желгендер.
Не жақсылық, не жамандық шықса да
Салпаң қағып дүние үшін ергендер.

Көбейіпті көргені жоқ көсемдер
Не беріпті кенеуі жоқ шешендер.
Тыңдамаңдар дүниеде ондайды
Иманымды жоғалтпайын десеңдер.

Ермеңдер де тыңдамаңдар ондайды
Ешбір жерде елді алдаған оңбайды.
Ақиқатты оймен танып еңбек қыл
Мінажат қыл күнге тосып маңдайды.

***

Маған біреу сенсе өзіндей ол сенсің
Сезіміңмен әсемсің де көркемсің.
Күле қарап бас игені болмаса
Саған ешкім таға алмайды еркем сын.

Кейде сынап мені білу үшін жұрт
Сөзбен алдап сені көрер түсініп.
Ұнап жатсаң жібереді сол жаққа
Көңілінің көгершінін ұшырып.

Сен барыңда аулам менің гүл жайнап
Музыка да тұрар сырлы күйді ойнап.
Түсінбестік есігімді аша алмай
Шулы жерде жүрер сырттан айғайлап.

Гүлдер сәнмен ырғалмайды сен кетсең
Жарқылдаған ақ жүзіңді өзгертсең.
Күн де көзін жасырады ақ бұлтқа
Ашылады әсем әнмен тербетсең.

Саған қарап ішем қызық шарабын.
Айтылады айтам деген бар әнім.
Алыстайсың сонан кейін елес боп
Өзіңді іздеп қиырларға барамын.

Қиялыммен кезсем елді аралап
Үлкен-кіші жатады ылғи ағалап.
Қарсы алады көптен күткен адамдар
Қызыл гүлмен күтіп тұрад бар алап.

Сен де сонда көп құрметтен құр қалмай
Бүкіл әлем сені күтіп тұрғандай.
Сүйем дейсің адамдарға сендерді
Қалай шыдап қалам сонда қызғанбай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбейіп жүр көсемсіген менмендер өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Көбейіп жүр көсемсіген менмендер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбейіп жүр көсемсіген менмендер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Келіс Рахымжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбейіп жүр көсемсіген менмендер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері