Көңіл – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көңіл» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1207
Көңіл шіркін сатулы
Тұғыры жоқ сынаптай,
Бүгін жақсы көрген жан,
Ертең қалар ұнатпай.
Жаны қалмай іш тартып,
Жақсы көріп қалады,
Ішін тартып артынша
Іргені аулақ салады.
Құбылғының қулығына
Қызығым деп қайрылма,
Құбылмалы дүниеде
Құбылаңнан айныма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері