Түйеқұс – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Түйеқұс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 1
  • 11053
Қиын оны көлік деу,
Қом артып, жүк тиемес.
Түйеге жүр еліктеп,
Бірақ та ол түйе емес.

Болса дағы санатта,
Құстың ісін істемес.
Бар құйрық та, қанат та,
Ұшатын да құс емес.

Әрі түйе, әрі құс
Болам деп, бос шатылған:
Ақырында ол байғұс
Түйеқұс деп аталған.


Пікірлер (1)

Әдемі

Рахмет мен 3 гуплетті өлен іздеп жүр едім

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері