Қандай кінə бар дейсіз құба таңда? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қандай кінə бар дейсіз құба таңда?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Қандай кінə бар дейсіз құба таңда?
Күліп шыққан күн бізді жұбатар ма?..
Құлдық ұрам Құдайдың құзырына,
Құбылаға құлқымды құлатам да.
Қандай кінə бар дейсіз мына бізде,
Көзін сүзсе қу көңіл құла дүзге.
Мединелі баз кешіп мекенінен
Мезгіл ауып барады-ау, сірə, күзге...
Қандай кінə бар дейсіз батқан күнде?
Қуандың не,
Күлдің не,
Шаттандың не?..
Жас шылаған жанарым жаутаңдайды
Жас қабірді жастанып жатқан гүлге.
Қандай кінə бар дейсіз бұл жалғанда? –
Жазған құлы Құдайдың күнде арманда.
...Тағдырыма мың мəрте тəуба айтамын,
Қайта түлеп табиғат бүр жарғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай кінə бар дейсіз құба таңда? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қандай кінə бар дейсіз құба таңда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай кінə бар дейсіз құба таңда? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай кінə бар дейсіз құба таңда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері