Басшы ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Басшы ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1823
Біздер мұнда бесеуміз, ақын балам,
От дауылда қас жаумен алқымда алған.
Алысқанбыз туған ел намысы үшін,
Денемізде сау жер жоқ шарпылмаған.
Жеткенменен жеңіске жараланып,
Ажал сұмға біз қарсы тұра алмадық.
Қан төгіліп боз төбе осы жерде,
Соңғы демді ерлікпен тәмамдадық.
Шешілмеді киінген сауытымыз,
Бұдбұл ұшып бал дәурен ақты жұлдыз.
Бәрі, бәрі сен үшін келер ұрпақ,
Ұмытпасаң біз мәңгі бақыттымыз.
Ұғар болсаң нұрымыз түсер сізге,
Сөгілмейтін іргесі бірлік ізде.
Ырыздығың ортаймай туа берсін,
Пір Бекеттей даналар елімізде.
Тұғырың ғой Кең Жылой ғой темір қазық,
Ата даңқын күтпеген кетер азып.
Өсер бала қақ жарып қараңғыны,
Өз тарихын жеткізер жырмен жазып.
Елім үшін еңіреп қол бастаған,
Қасіретті сәттерде бір саспаған.
Елеусіздеу ой салып жатыр шетте,
Білесіңбе құлыным Арыс бабаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басшы ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Басшы ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басшы ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Басшы ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар