Өмір – Айжан Жарасбекова

Бұл бетте «Өмір» атты Айжан Жарасбекова жазған өмір туралы өлең берілген.

Жалғанда мынау қанша мың
Әсемдікке тамсандым
Күпірліктен аулақпын
Шүкіршілік әр таңым

Тайсалмай қиын небірге
Жаманды алмай көңілге
Әр атқан таңға ризамын
Өкінішім жоқ өмірге

Көңілдің бүтін жалауы
Маздайды, шырақ алауы
Тосамын қандай сый болсын
Алланың бәрі қалауы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар