Астанаға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Астанаға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 554
(әні бар)

Ерліктің ел қолдаған бастамасы,
Алдыңда асатын бел, асқар асу.
Төсінен Сары арқаның бой көтерген,
Астана Қазақстан бас қаласы.
Аспаны жастық, асқақ ән,
Арманға биік бастаған.
Тербелген алтын бесігім,
Бас қалам, аппақ Астанам.
Есілдің толқынымен бұрғылаған,
Оянып ұйқысынан тұрды далам.
Төсінен барыс жортып, қыраны ұшқан,
Нұр жауған аспанымнан Нұрлы қалам.
Ортаймас көңілімнің ән арнасы,
Тәуелсіз өмірімнің замандасы.
Қараймын күн көзіне, күнде өзіңе.
Жастықтың көк байрақты ақ Ордасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанаға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Астанаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астанаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астанаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері