Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2015
  • 2
  • 1
  • 9918
Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі,
Ойлағанға ап-анық тұр мұнысы
Сасқанынан сандырақ жал айтады,
Ыза болып сақылдап кетік тісі.

Айтыпты қатынының бір ойнасшысы:
«Неге ойнас қылады екен байлы кісі?»
«Өзің неге қыласың?» деп сұраса,
Өйтпесе бұрайды екен оның іші.

Кей ұлықтың осындай бар белгісі,
Оны айта алмай құриды елдің мысы.
Не көзінше, не сырттан мінін айтсаң,
Не қинап, не келеді өлтіргісі.

Ол өзі – түзететін ел басшысы,
Бұл болса ұлығының қылған ісі.
Қарапайым қазаққа не сұрау бар
Не сүйсе, соны қылсын жабайысы.

Бірдей адам кайда бар іші-тысы?
Міндімін деп келмейді жығылғысы.
«Дерт жасырған ажалсыз өлер» деген,
Қазақты ондырмайтын – осынысы.

«Мін түзелмей, түзелмес ел жұмысы»
Деген жоқ па бұрынғы білімдісі.
«Ханы тура болмаса, халқы оңбайды»,
Мұны айтқан – өткен ердің жігерлісі.

Нәпсі жеуден жалықпас жазы, қысы,
Зорлықтың мақтанмен бар байланысы.
Қайтіп оны таза деп айта алармыз,
Айла, мақтан, зорлыққа толса уысы?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері