Аласа болмасын деп! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Аласа болмасын деп!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 785
Қара түн дидарынан,
Ақ әлем жанарынан.
Мезгілден сый дарыған,
Кездерден жан арыған.

Перілер арбауынан,
Алыстап мұң түсінен.
Пенделер қармауынан,
Періште күлкісінен.

Ғашықтар ғазалынан,
Жасықтар жазар жырдан.
Адамдар ажалынан,
Қаулаған мазар қырдан.

Ең ұлы азаптардан,
Ақынның еркінен де.
Ғаламат ғажаптардан,
Жібектің көркінен де.

Сезімнің селінен де,
Бейуақыт тасығанда.
Төзімнің көлінен де,
Жанардың жасынан да.

Махаббат ортасынан,
Жүзінен сүйікті ойдың.
Жүректің картасынан,
Мен сізді биік қойдым!

Қазаны жиып қойдым,
Жаратқан қолдасын тек.
Мен сізді биік қойдым,
Аласа болмасын деп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аласа болмасын деп! өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Аласа болмасын деп! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аласа болмасын деп! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аласа болмасын деп! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері