Айтпашы бірақ ешкімге… – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Айтпашы бірақ ешкімге…» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Жанымды дерттей меңдеп қалсаңшы,
Сарғайған Сары Күз керім.
Еріндеріммен емдеп алсаңшы,
Жүректегі сезім іздерін.

Жасындай, сірә, сөне көрмеші,
Жарқырап тұрып кенеттен.
Ғасырға мына сене бермеші,
Өткен бе өмір електен?

Арман таңыңнан мені көрсеңші,
Жанымды тосын тылсым ғып.
Өмірді бірге келіп өрсеңші,
Саусақтарыңнан мұң сырғып.

Жүректі, шіркін, ойландырайық,
Түнімен көзін ілдірмей.
Алтыбақанды айналдырайық,
Құрбыларыңа білдірмей.

Бір жолда тағдыр түйісе қалсын,
Ғайып боп жаннан ес мүлде,
Еріндеріміз сүйісе салсын,
Айтпашы бірақ ешкімге…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтпашы бірақ ешкімге… өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Айтпашы бірақ ешкімге… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтпашы бірақ ешкімге… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтпашы бірақ ешкімге… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері