Есімде еді – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Есімде еді» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Есімде еді, есіңде еді,
Бізбен бірге талдардың шешінгені.
Қимылымды құп алып, қарсы болмай,
Кінәлі ғып тастадың сосын мені.

Есіңде еді, есімде еді,
Тұсауыңның әп-сәтте кесілгені.
Өміріңді бір күнде тәрк етіп,
Талап еттің тағы да сосын нені?

Есімде еді, есіңде еді,
Іңірде емес, кәдімгі бесінде еді.
Мен емеспін, алдымен сен қаладың,
Сол үшін де күнім-ау, кешір мені.

Есімде еді, есіңде еді,
Күңіренген жиектің тосын демі.
Ашық аспан астында... болды бәрі,
Есімде еді, есіңде еді...
Кұлы болып күдіктің,
Мен бәрін ұмыттым,
Сен де ұмыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімде еді өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Есімде еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімде еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімде еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері