Сыныптастарға – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Сыныптастарға» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алғаш қоңырау үнімен кірдік,
Әліппе ашып, білім меңгердік.
"Үздік" те болдық, "үштік" те болдық,
Тәлім-тәрбие жүгін өңгердік.

Сыныптастарым, құрдастарым-ай,
Мен үшін бәрің дарасыңдар ғой.
Ұмытылмастай сырластарым-ай,
Сағыныш болып барасыңдар ғой.

Қыздардың шашын илеп ойнадық,
Кештер өткізіп, биге тоймадық.
Бақыт шағында он күндей заулап,
Он жыл өтерін біле қоймадық.

Ауыл жазында - салауат таңы,
Қала сазында - саламат бағы.
Жанға батады сыныптастардың
Қатары сиреп бара жатқаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыныптастарға өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Сыныптастарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыныптастарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыныптастарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері