Ақынды іздеу – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Ақынды іздеу» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Басынан өткерген бұл алай заман,
қазақтың ертеңіне қарайлаған.
Ұлтымның ұлылығын ұлықтаған
айналдым аруағыңнан, Абай бабам!

Тірліктің тереңіне сан бойлаған,
адалдық, имандылық, ар ойлаған.
Мәңгілік өлмейтұғын арысымсың,
Аллаһ жар аруағыңа, Абай бабам!

Сырыңның тұнығына қарайды адам,
жырыңнан нұрланады бар айналам.
Әлемді мойындатқан данышпаным,
бақұл бол, біртуарым, Абай бабам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынды іздеу өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Ақынды іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынды іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынды іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар