Жамбылды қонаққа шақыру

Бұл бетте «Жамбылды қонаққа шақыру» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2252
Қордай мен Красногор қатар жатқан,
Ол кезде қосылған жоқ әр тараптан.
«Жамбылды алып кел» деп екі аудан ел
Жұмсады сонда мені (емес мақтан).
Райком Степанов машинасын
Берген соң ерінейін енді несін.
Шофері қара жолмен бұрқыратып,
Болғанда жетіп бардық кіші бесін.
Жамбылға сәлемдесіп құрмет етіп,
Көрген соң алтын жүзін қолын тұтып,
Отар да шақыра кеп отыр екен,
Отарды алсақ дедік сөзбен ұтып.
Таластық үш ауданның адамдары,
Бәрінің таласқаны Жамбыл кәрі.
Жүргенде көк есекпен көрмеген шал,
Бұл күнде басқан ізі болды дәрі.
Дауластық жүгінісіп Жамбыл қартқа,
Шулаймыз жүре көр деп біздің жаққа,
Жәкеңді ертіп кетсек, сол мәртебе,
Отырмыз жетердей боп бір мұратқа.
Жан-жаққа Жамбыл ата қарап алды,
Сақалын салалап бір тарап алды. —
Барамын Қасқарауға Қордайдағы,
Мақұл де қалғандарың тарағанды.
Балалар, өкпелемей, елге барып,
Мен үшін бір тістеңдер қара нанды, —
Мақтанып Жәкеңді елге алып жүрдік.
Жолшыбай «Тік шырқауға» салып жүрдік.
Жолшыбай шалдың көзін ала беріп,
Шампанға мұрттың шетін малып жүрдік.
Тойы еді Ұлы Октябрь сол бір кезде,
Ақ жауын құйын тұрды алтын күзде.
Қордайдың кезеңінде алдымыздан
Ақ боран «сәлем» бере шықты бізге.
Қордайдың асуының сайтаны бар,
Аса алмай ақ бораннан қайтары бар.
Екі әйел ұрысқанда қарғыстары
«Мұзбелде мұздап ол» деп айтары бар.
Жамбылды қоршап алдық жауратпасқа,
Машина тіреліп тұр бір қой тасқа..
Жартыбай Сатышпенен дірілдеп тұр
Есендік - саулық тілен қара басқа!..
Екеуі ант ішеді бұл асудан
Екінші қадам:басып құламасқа.
Тұсында түтеген сол әбігердің
Жамбылдың бір ерлігін тағы көрдім.
Бір ауыз сөз айтпады тоңса - дағы,
Көрсетіп көсемдігін нағыз ердің.
Боранға қарсы келер қандай мықты,
Ондайда сақтаған жөн сабырлықты.
Дүлейге амал таппай тарыққанда,
Кенет бір алдымыздан дабыр шықты.
Жәкеңді қарсы алғалы шыққан екен,
Шанаға екі торы ат парлап жеккен.
Жүрерде Жамбыл айтты Жартыбайға:
«Қажет,— деп,— қайрат барда азап шеккен»...
Әзілін қосып айтты Сатышқа да,
«Тарыдай тар қазанда шикі бөккен». —
Машина,— деді,— өрге келді тартып,
Кененнің шөлмек - шыны,
затын артып.
Алдымнан ақ бораным қарсы алғанда,
Боп шықты бәрінен де атым артық.
...Хатшысы райкомның үйінде екен,
Үйінде бізді күткен жиында екен.
Алды да суық қолын сығып - сығып,
Қолға алды домбыраны біздің Жәкең...
Ж а м б ы л
Атақты Қордай, Сұлутөр,
Жайсаң жайлау,
қоңыр жел.
Ұлы Октябрь нұр құйып,
Ие болды еңбекші ел.
Ленин көсем жеткізді,
Ақ алтынды төккізді,
Мал-бастары өркендеп,
Түрлі астық еккізді.
Жарымай жүрген жалпыға
Жау басынан тепкізді.
Еңіреп жүрген кедейді
Қозыдай сүтке бөккізді.
Жасасын Ұлы Октябрь,
Көңілден қайғы кеткізді...
Аптадан кейін ақын қайтып кетті,
Халыққа рахмет айтып кетті.
Ат мінді, шапан жапты колхозшылар,
Бұл елге өмірінде үш-төрт кепті.
Еліне қайта апардым Жамбыл қартты
Сыйлады елі - дағы мені қатты.
Кененнің әнін тыңдап қайтамыз деп,
Екейде ел ағылып келіп жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбылды қонаққа шақыру өлеңінің авторы кім?

Кенен Әзірбаев — осы өлеңнің авторы.

Жамбылды қонаққа шақыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбылды қонаққа шақыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кенен Әзірбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбылды қонаққа шақыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері