Мінез - маусымы – Мерей Қартов

Бұл бетте «Мінез - маусымы» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 702
Сүмбіл шаш теректер ақүрпек,
мамығын маусымға ұшырар.
Жапырақ мінезін сәл үркек,
кеудемде ұғатын кісі бар.

Санамнан ұшырған әр күні,
құсқа да айналар өз-ойым,
Көбелек қанаты арқылы,
жадыма көшірдім жаз айын.

Ақ нөсер – тәтті күй, ғажабым,
сіңірді мөлдір мұң қаныма.
Аралар гүлдердің тозаңын,
жинайды ақыл-ес бағыма!

Ызыңы мұңдылау көк шыбын
Көңілдің қылына қонады.
Жанымның жұбатып өксігін,
жұлдызды үмітім жанады!

Кербез Ай көркінен толқыдым.
Көкейде қауызын гүл ашты.
Кешегі құралай салқыным
қып-қызыл аптапқа ұласты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез - маусымы өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Мінез - маусымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез - маусымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез - маусымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері