Бір жаққа – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Бір жаққа» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Тұқылындай шала тұтанған шылымның,
Бір өкініш өртеп отыр өзекті.
Өңі неге сұрғылт тартып гүлімнің,
Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті.
Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті,
Біреу келіп сипайтындай басынан.
Ессіз сезім еркектерді ез етті...
Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан...
Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан,
«Сүйем» деген сөздің бәә-рін ұмытып.
Қыздан емес, өз-өзімнен шошынам,
...тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк!
...тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк,
Сұлулардың көптігіне мастанып,
Бірін сүйіп, екіншісін ұмытып,
Үшіншісін... лақтырып тастадық...
Үшіншісін лақтырып тастадық,
Сұлу біткен шашылғандай көшеде.
Жүрегімнің Мұз жастығын жастанып,
Төртіншісін Құрбан қылдым кеше де...
Төртіншісін құрбан қылып кеше де,
Қинамастан, қиналмастан жылаттым.
...тап қай күні және сағат нешеде..?
Жылатады, мені Сұлу, бірақ... кім?

Жылатады, мені Сұлу, бірақ... кім?
Өтінемін ол хақында сұрама!
Жауабы жоқ, үтір, нүкте, сұрақпын,
Енді мені ұмыт, мүлде сынама...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жаққа өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Бір жаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір жаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері