Екінші өмір – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Екінші өмір» атты Табиғат Абаилдаев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 811
Кейде жындай көрінер көркемің де,
Өрт өмірде болады өртенуге.
Сұрап көрді өткенім ертеңімді,
Сұрақ белгі болмайды ертеңімде.

Сынап көрді, кеткен күн сынап көрді,
Сабырыма жаратқан сынақ берді.
Гүл-өмірдің жүзінде бұлттар жүзіп,
Бір сүрініп, бір тұрып жылап келді.

Өткеніңнен жанарым түңілші бір,
Естілмейді аяулы бүгін сыбыр…
Таяп қалды қош дейтін тағы уақыт,
Аяқталды осылай бірінші өмір.

Серт беремін көңілді қалдырмасқа,
Жалыны жоқ жүректі жандырмасқа,
Екінші өмір басталды жүрегімде,
Әлем басқа, ендігі тағдыр басқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екінші өмір өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Екінші өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екінші өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Екінші өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері