...тіледім – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «...тіледім» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Көкірегімде күйі ойнап күдіктің,
Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?
Жымиюды һәм күлуді ұмыттым,
Күлдірме де, бүлдірме де, емдеме...
Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?
Адамдығым ар астында тапталып.
Түсініксіз менің жайым пендеге,
Жарытпаспын мен де оларға ақталып.
Жарытпаспын мен де оларға ақталып,
Жалқы себеп: Дүнияға бөтенмін.
Бес күндіктің табанында тапталып,
Марғау тірлік күнәсін де - көтердім.
Марғау тірлік күнәсін де көтердім,
Кінәлі боп кетпеу үшін ғайыпқа.
Сөйте тұра періште емес екенмін,
Бұйырмаңыз айыпқа...
Бұйырмаңыз айыпқа...
Артық айтсам жазаласын жүрегім.
Періште боп аттануды ғайыпқа,
Өзіме емес, өзгерлерге тіледім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...тіледім өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

...тіледім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...тіледім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...тіледім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері