Бұл бетте «Жұлдыздар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдыздар ағып түсіп, сөніп келеді,
Күн сайын кемеңгерлер кеміп келеді.
Сұм ажал кәрі-жас деп қарамастан,
Қойнына қара жердің көміп келеді.
Қартайып құлағанмен бәйтеректер,
Қайтадан тамырынан өніп келеді.
Өртеңде бой көтерген масақтардай,
Ертеңгі күндеріне сеніп келеді.
Бекіген бұғанасы балапандай,
Жапырақ жас бұтаққа көрік береді.
Жаратқан әуел бастан табиғатқа
Жасампаз жақсылығын беріп келеді.
Алласын таниды ма, танымай ма?
Сол үшін қалауынша ерік береді.
Алланың мәңгі сөнбес жарығымен
Адалдық зұлымдықты жеңіп келеді.
Жасалған күнә, сауап есептелер,
Әйтеуір, қиямет күн төніп келеді.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі