Өлең, жыр, ақындар

Мен өлсем...

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3640
(Лесбай Оспановқа)

Мен өлсем, жамағаттар, жиналмаңдар,
Мен үшін уақытша қиналмаңдар.
Біреулер жыламсырап сөз сөйлесе,
Егіліп тұр екен деп иланбаңдар.
Сөйлесе сөйлер көбі тек өтірік,
Қаншама кемісімді көре тұрып.
Тура би Төле бидей тіліп түсер
Тура сөз кім айтады кең отырып?
Өліп ем, жиналдыңдар бір-ақ күнде,
Жабығар жұбайым да жылап түнде.
Қырқымды өткізгенде-ақ үғарсыңдар,
Айнымас жүрек кімде, тұрақ кімде?
Өлді деп бос қайғырып не етесіңдер?
Ертең-ақ тез ұмытып кетесіңдер.
Қаншама паң болсаң да, хан болсаң да,
Өмірден өздерің де өтесіңдер.
Қайтейін, тіршілікті қимай барам,
Мекенім енді мәңгі – мидай далам.
Біреуге бір жақсылық жасай білсем,
Сыйласа, сол-ақ үшін сыйлайды адам.
Мен үшін жиналмаңдар өре тұрып,
Лепіртіп мақтамаңдаңдар тек өтірік.
Тап ертең өздерің де өлесіңдер,
Қимастай бір пендені көме тұрып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сымбаттың сыры

  • 0
  • 0

Сымбат біздің кім еді? –
Күлімдеген күн еді.
Кететұғын елжіреп
Көрген жанның жүрегі.

Толық

Мейрамбекке

  • 0
  • 0

Ей, Мейрамбек, Мейрамбек,
Тартушы едім тумам деп.
Сырт айнала бересің,
Бар билікті жиған боп.

Толық

Медеу

  • 0
  • 0

Алатаудың ақтарылып ақ қары,
Шақырады шаттығына шатқалы.
Құзар шыңы көзді тартып қияннан,
Бал үнімен балқытады бақтары.

Толық

Қарап көріңіз