Қос терек – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қос терек» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4766
Тереземнің алдында
Тербетілген қос терек.
Өсіргем жаз айында,
Өзіме тұр еркелеп.
Жас сұлудай жапырақ,
Көз тартады көркімен.
Жел соқса егер қалтырап,
Бетімді үрлеп желпіген...
Ұрпағыма сая боп,
Қалса артта еккенім.
Дермін сонда өмірге,
Босқа келіп, кетпедім
1947
* * *
Уылжып бесігінде тілсіз бөбек,
Былдырлап үн қатады әлде не деп.
Жырлайды басында оның бесік жырын,
Табиғат — ана сәби жанды әлдилеп
Жүзінен бір майда леп нұр төгіліп,
Көзінен күнәсіз жан тұр көрініп.
Дүниенің жаңа келген жас қонағы,
Он төртте туған айдай төңкеріліп.
Айтарын айтпады-ау деп тілі шығып,
Сөзіне ынтығасың сонда тұрып:
Бірақ та жүрегіңмен қуанасың,
Көзінен жаудыраған жанын ұғып.
1947
* * *
Ояныңдар махаббат, тәтті армандар,
Ояныңдар оба боп жатқан жандар,
Жайылыңдар қайтадан дос құшақтар,
Жалындаңдар қайтадан жастық шақтар!
Ашылыңдар қайтадан қара көздер,
Соғыста өшкен тұр сапқа дана сөздер!
Өшкен өмір аштықта, шөл тамызда,
Тіріліңдер қайта кеп ортамызға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос терек өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қос терек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос терек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос терек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері