Фариза әпке! – Айжарық Абылқасымов

Бұл бетте «Фариза әпке!» атты Айжарық Абылқасымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1233
Аяқ басуға зар болған күйде жатқанымда Сіздің үйіме іздеп келгеніңіз мені аурудан тұрғызардай әсер етті….

Сіз келіпсіз...
Ал мен үйде толғанам.
Кімнен көрем бір бақытты қонбаған.
Ылғи екеу боп тұрады жол маған,
Көршім болды тағдыр деген оңбаған.
Сіз келіпсіз...
О, тәңірім өңім бе?
Өңім болсаң құшағымнан бөлінбе.
Тебіреніңіз Қабанбайдың елінде,
Тербеліңіз Алакөлдің төрінде.
Сіз келіпсіз...
Көңілде үміт қауласын.
Көкірек бір, көншісін — жыр жауғасын,
Тірісінде көрмеген бұл өлкеде
Әруағы Мұқағали аунасын.
Сіз келіпсіз...
Шаттанады шартарап.
Аспанға атсын, қалған көңіл орталап.
Ал, мен келем адрессіз аймақта
Жауыр болған жан азабын арқалап...

Семей облысы, Мақаншы.
1992ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фариза әпке! өлеңінің авторы кім?

Айжарық Абылқасымов — осы өлеңнің авторы.

Фариза әпке! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фариза әпке! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжарық Абылқасымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фариза әпке! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері